- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Антарктиданың ең үлкен...
Антарктиданың ең үлкен мұздығы ерісе...
Мұздықтардың басым бөлігі Жердің Оңтүстік және Солтүстік полюстерінде орналасқан. Өйткені өзге аймақта мәңгі тоңның "тіршілігіне жағдай" жасалмаған.
Бірақ соңғы уақытта адам баласының әрекетінен Жер бетіндегі температура артып, полюстегі мұздықтарға да қауіп төндіруде. Егер мұздықтың бәрі еріп, суға айналса, адам баласының аман қалуы екіталай...
Антарктикалық мұздықта қанша су бар?
Антарктикалық мұзды қалқанда Жердегі барлық тұщы судың 61%-ы сақталған. Егер бұл мұздық толық ерісе, Әлем мұхиты мен онымен байланысқан барлық көл мен өзендер 60 метрге көтеріледі. Бұл шамамен 20 қабатты үйдің биіктігімен тең. Нәтижесінде барлық тропикалық аралдар мен жағалауда орналасқан қалалар судың астына кетеді.
Жердегі барлық мұздық ерісе не болады?
Туэйтс мұздығы — Антарктиданың батысында орналасқан үлкен мұз сеңі. Оның аумағы бір ғана Павлодар облысымен бірдей, яғни, 120 мың шаршы шақырым. Климаттың өзгеруіне байланысты үлкен мұздық жылдам еріп жатыр. Мұндай қарқынмен Оңтүстік полюстегі ең ірі мұздық алдағы онжылдықта әлем картасынан жойылуы мүмкін.
Антарктиданың еруі мүмкін бе?
Әрине, мүмкін. Ауа температурасының көтерілуі Антарктидағы мұздықтардың ашық мұхитқа бөлініп шығып, толықтай еруіне әкеп соғады. Бір ғана Туэйтс мұздығының еруі әлем мұхиты 50 сантиметрге көтереді. Ал Антарктидадан бөлініп шыққан мұздық енді ешқашан қайтып қалпына келмейтінін ескеру қажет.
Дәл осы қарқынмен Антарктидадағы мұз алдағы 200-300 жылда толық ериді. Ал ауа температурасының жоғарылау тоқтамаса, 150 жылда Жер бетінен жойылу қаупі төніп тұр. Антарктикалық Батыс қалқанының еруі әлем мұхитын бес метрге көтереді.
А. Рысдәулет