Түркияның Анкара қаласындағы «Аныткабыр» (Anıtkabir) мазарында 6 мың адамнан құралған ерікті топ Мұстафа Кемал Ататүріктің портретін құрап, рекорд жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Түркияның «Anadolu ajansı» сайтына сілтеме жасай отырып.
Апта соңында «Anıtkabirdeyiz.org» сайтына тіркелген еріктілер таңертеңнен бастап, Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік жерленген «Аныткабыр» мазарына жинала бастады. Мазарға жиналған еріктілер ішке енбей тұрып арнайы құрылған әскерилердің тексерісінен өтті. Одан кейін мазардың орталық алаңына жинылған халыққа Ататүріктің қолы қойылған бас киімдер таратылды.
Сағат 13:00-де портреттің жасалуы үшін дайындық жұмыстары басталды. Еріктілер шамамен 3 сағаттай дайындық жүргізіп, Ататүріктің қолы қойылған алып портретін жасап шығарды.
Бұл іс-шараға Гиннесстің Түркиядағы өкілдері арнайы қатысты. Ататүріктің портретін жасап шығарған 6 мың ерікті Гиннесс өкілдерінің құлақтандыруынан кейін қолдарымен жүрек белгісін жасап біраз күтті. Алаңдағылар уақыттың толғандығын көрсеткен белгіден кейін «Мұстафа Кемалдың әскеріміз» деген плакаттарды көрсетті.
Бұл шараға суретші-ұйымдастырушысы Жумхур Айгүн (Cumhur Aygün) жетекшілік етті. Барлық қатысушыға қара түсті киім кию талап етілді. Оқыс оқиғалардың болмауы үшін сақтық шаралары қарастырылып, арнайы камералар іске қосылды.
Қатысушылардың ең үлкені 84 жастағы зейнеткер болды.
6 мың ерікті жасап шығарған Ататүріктің портретін тамашалаңыздар:
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/OeKAbG8DXDE","width":"450","height":"350"});
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: aa.com.tr