АҚШ-тың Флорида штатынан көз ерекшелігіне байланысты аниме кейіпкерлеріне ұқсайтын акула түрі табылды. Ұзындығы 70 сантиметрден аспайтын акула түріне Squalus clarkae аты берілді. Оны теңіз биологы Юджина Кларк құрметіне қойған. Ол Леди-акула атымен де танымал. Кларк өз мансабын 1940-шы жылдары бастаған. Ол акула зерттеуші алғашқы әйелдердің бірі ретінде белгілі. Ғалымдар жаңадан табылған акула түрі терең зерттеуді қажет ететінін айтады, оларды қорғауды қолға алу керек.