Ангора қояны – ерекше тіршілік иесі

Ангора қояны – ерекше тіршілік иесі

Бұл кеудесінде жаны бар тіршілікті бірінші рет көріп тұрсаңыз, не деп ойлайсыз? Домаланған аппақ жүн алдыңызға кенеттен келіп тұрса, таңғалар ма едіңіз?

Таңғалмағанда ше?! Ештеңеге ұқсамайтын бұл тіршіліктің аты – Ангора қояны. Иә, бұл кәдімгі қоянның бір түрі. Ангора қояны – ұзын, жұмсақ жүні бар қоян түрі. Отаны – Түркия. Ангора қояны деп аталатын себебі Анкара атауына байланысты (Ежелгі аты Ангора).

Әу баста бұл ерекше қоян түрін теңізшілер тауып әкелген. Сөйтіп, бұлар ерекше танымалдылыққа ие бола бастады. Әсіресе, жоғары таптың ханымдарын нәзік жүндерімен бірден баурап алды. XIX ғасырдың басында Ангора қоянының атағы күллі Еуропаға жайылды. 

Ангора қоянының салмағы табиғатына байланысты 2-6 кг болып келеді. Ал жүнінің ұзындығы 80 см-ге дейін жете алады. Жүнінің түсі көбіне ақ, бірақ басқа түстілері де кездесе береді. Ангора қояны 12 түсті бола алады. Олар орта есеппен 5-7 жыл өмір сүреді. 

Енді Ангора қоянына қандай күтім жасау керектігі туралы бірер сөз. Бұл бір ерекше сүйкімді жаратылыс үй жануарына жатады. Дегенмен бұларды күту басқа қояндарға қарағанда, әлдеқайда қиындау. Қиын дейтініміз – оларды бір аптада кемінде екі рет тарап тұру керек. Жүндеріне тұрақты түрде күтім көрсету қажет. Күтім көрген жүн жанға рахат сыйлайтыны анық. 

Сурет: blogumix.ru

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Р. Роза