Андорра әлемдегі ең кішкентай мемлекеттердің қатарына жатады. Оның аумағы небары 470 шаршы километрді құрайды. Ал халық саны 80 мыңнан астам ғана. Қаншалықты кішкентай ел болса да, ол өзінің астанасымен мақтана алады. Андорра-ла-Велья - Еуропадағы ең биік тау аймағында орналасқан астана. Теңіз деңгейімен өлшегенде 1029 м биіктікте.
Бұл мемлекет ең қауіпсіз мемлекет саналады. Сондықтан территориясында түрме мүлдем жоқ. Қорғаушылардың да қатары 1864 жылдан бері қысқартылған.
Ертеректе Андорра тұрғындары жер шаруашылығымен айналысқан. Ал қазіргі таңда басты кәсіптері банк қызметі мен туризм. Бұл екі кәсіпті де олар жетік меңгерген. Өйткені олардың өмір сүру деңгейі өте жоғары. Андорраның ақша таңбасы ешқашан болған емес және қазір де жоқ. Алайда арнайы коллекционерлер мен туристтерге арнап Андорра динерін шығарған. Ол алтын, күміс және металл тиындарға ұқсайды. Мемлекеттің аумағы кішкентай болғандықтан, пошта қызметіне ақша алмайды.
Андорра мемлекеті түрмені қажет етпесе де, полициялар бар. Олар көбіне әскери адамдардың қызметін атқарады. Елде жүйелі әскер жоқ. Сол себепті елдің қауіпсіздігіне көршілес Испания мен Франция жауап береді. Оған мысал ретінде 1934 жылы болған оқиғаны келтіруге болады. Ресейлік Борис Скосырев есімді азамат өзін «Андорраның ханымын» деп хабарлайды. Сол кезде жедел түрде Испанияның полицейлері келіп, жалған ақпарат таратушы босқынды абақтыға қамайды.
Жыл сайын Андорраға 11 миллионға жуық туристер келеді. Ол халақ санын 140 есеге арттырады. Андоррада мемлекеттің темір жолы мен әуежайы жоқ. Алайда жергілікті тұрғындарының саяхаттауына ол кедергі келтірмейді. Өйткені шет елге қыдыруға шыққысы келетін адамдар көрші мемлекеттер арқылы барады. Ал футбол дегенде олар ішкен асын жерге қояды. Тіпті спорттан хабары жоқ адамдарды жинақтап, футбол құрамасын құрған. 1996 жылы Эстония құрамасымен өткен алғашқы ойында олар 6:1 есебімен жеңіліп қалды. Алайда андорралықтар үшін ол үлкен көрсеткіш. Өйткені команда да былғары доп шеберлерінің орнына құрылыс фирмасының директоры, банк қызметкері және қарапайым жұмысшылар өнер көрсеткен.
Сурет: myfamily-travel.kh.ua
Оқи отырыңыз:
Мексикада ең қауіпті жанартаулардың бірі оянды (Видео)
Дубайға 3D саяхат жасауға мүмкіндік беретін қызмет ашылды
Әлем картасын өзге мемлекеттер қалай көреді?
Әлемнің жаңа жеті кереметінің бірі - Игуасу сарқырамалары