Анасына бәрі жақсы екенін айтуды ұмытпайтын саяхатшы
Фото:boredpanda.com
Жер шарын шарлап жүрген саяхатшының өмірі әркімге қызық. Барлығына қол сілтеп, тәуекел жасауды жақсы көретіндер өздерінің жан түршігерлік іс-әрекеттерімен жұртты таңғалдырып жатады. Алайда мына азаматтың еш ерекшеленбес саяхаты әлемді өз назарына аударды. Джонатан саяхаттап жүрген уақытында әр тұрақ сайын анасына суретке түсіп, бәрі жақсы екенін айтуды ұмытпайды екен.