Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, баласы үшін жанұшыра шырылдайтын адам ол, әрине, ана. Әке асқар тау болса, ана-бауырындағы бұлақ. Сусыз тіршілік жоқ, ал анасыз өмір бос. Әрбір ана отбасы отының өшпеуін, бақыт құсының тұрақтауын, шаңырағының шайқалмауын, бауыр еті баласының амандығын тілейді. "Балам үшін жан пида" деп ұран салатын ана баласы үшін небір қарекеттерге барады.