- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ананастың қыр-сыры...
Ананастың қыр-сыры
Экзотикалық жеміс ретінде бізідң елге ең танымалы – ананас. Түрі де, дәмі де ерекше. Кейде тәтті дәмімен тіл үйірсе, кейде қышқылдығымен мінезін көрсетіп алатыны бар. Осы жемістің тарихы туралы не білесіз?
Ананастың тарихы
Ең алғаш рет еуропалықтар ананасты 1940 жылы Кариб аралдарынан әкелген. Колумб пен оның ізбасарлары ананасты Еуропаға әкеліп, мұндай климатта оны өмір сүре алмайды деп ойлаған.
Көп жылдар бойы бұл тез бұзылғыш жемісті сән ретінде пайдаланып келді. Тіпті оны ауыздарына алып, дәмін де көрген жоқ. Үй иесінің қандай бақуатты екенін көрсетіп, тек дастархан үстіне сән үшін қойып қоятын болған. Қазір ананас жер шарының барлық тропикалық өңірлерінде өсіріледі.
Ананастың денсаулыққа қандай пайдасы бар?
100 г ананастың шамамен 80 пайызы дәруменге толы. Әсіресе С дәрумені. Сонымен қатар жемістің құрамында жүйке жүйелері мен иммундық жүйелердің қалыпты жұмыс жасауына көмектесетін В1 және В6 дәрумендері де жоқ емес.
Ананастың құрамында мынадай пайдалы минералдар бар: кальций, калий, мыс, темір, магний, фосфор және марганец. Ананастың 100 грамында 50 ккал калория бар. Оның құрамында май болмағанымен, ас қорыту жұмысын жақсартатын жоғары мөлшерде жасұнық бар. Бұл жемістердің құрамында С дәрумені бар. Ағзадағы зат алмасу жүйесін жақсартып, стресс пен депрессиядан сақтайды. Көңіл-күйді көтеріп, иммунитетті күшейтеді. Оған қоса, жемістер артық салмақтан арылуға жол ашады.
Ананас адамның есте сақтау қабілетінің көпке дейін тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Аталған цитрусты жемістің арқасында біз межеден көп ақпаратты сақтай аламыз. Сондықтан емтиханға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатсаңыз, ананас жеуді ұмытпаңыз.
Егер ананас ауыр болса, соғұрлым жақсы. Яғни, оның ауырлығы ананасың жетіліп-піскендігінен хабар береді.
Г. Берік