Адамда жынысты Х және Ү хромосомалары анықтайды. Ал жануарларда аналық жасушаның температурасы ұрпақтың жынысына әсер ететіні белгілі.
1966 жылы зоолог Мадлен Шарнье Сенегалдағы Дакар университетінде жұмыс істеп жүргенде дала ешкіемерін зерттеп, аналық жасушаның температурасы арқылы жынысты анықтауға болатынын тапқан. Зерттеу нәтижесінде, төмен температурада ұрықтанғанда мал төлінің жынысы ұрғашы болатынын, ал ыстық температурада еркек туатыны анықталған.
Осыдан кейін ғалымдар аналық жасушаның температурасы жынысқа қалай әсер етуі мүмкін екенін зерттей бастады. Мысалы, жасыл теңіз тасбақасының ұрпағы белгілі бір температурадан асқанда ұрғашы, ал төмендегенде еркек болатыны белгілі болды. Егер ұядағы ауа температурасы ауыспалы болған жағдайда бірдей ұрғашы мен еркек өмірге келеді екен.
Миссисипий аллигаторы жұмыртқасын өте ыстық температураға дейін қыздырса ұрғашы, ал орта температурада еркек туады екен. Бұл құбылыс барлық қолтырауынға тән. Оған қоса, тасбақаның көп түрінде, балықтар мен кесірткелерде кездеседі. Бұл жануарларда эмбрионның дамуы кезінде белгілі бір уақытта температура ұрықтың жынысына әсер етеді.
Мұндай құбылысқа ароматаз деп аталатын ферменттің әсері көп. Байланыстырушы қызметін атқаратын бұл ферменттердің еркек жыныс гормонын ұрғашыға айналдыратын қасиеті бар. Дегенмен ғалымдар тек жұмыртқа салушы және салқынқанды жануарларда аналық жасушаның температурасы ұрпақтың жынысына әсер ететінін анықтаған. Бұл құбылыс адамдарға тән емес.