Шетелдік мамандар кішкентай бүлдіршіндердің көзін байлау арқылы топтасқан әйелдер арасынан өз анасын таба ала ма деген сұраққа жауап іздеу мақсатында тәжірибе жүргізген екен. Нәтижесінде жеткіншектер иіскеу, ұстап көру, шаш үлгісі мен бетін сипау арқылы дұрыс тапқанын көреміз. Видеоны көру арқылы ана мен бала арасындағы көрінбейтін тылсым бар екеніне көз жеткізуге болады. Жүректі елжіретер керемет көрініске сіз де куә болыңыз.