Ән салатын ағаш

Ән салатын ағаш

Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ән салып, би билейтін әмбебап субұрқақтар бар. Тіпті тірі ағаштардың да ән шырқайтынын естідік. Енді бүгін әнші мүсінмен танысуды жөн көріп отырмыз.

Әңгімемізге арқау болып отырған ән салатын ағаш – ұзындықтары әртүрлі мұржалардан жасалған үш метрлік мүсін. Оның ерекшелігі – желдің әсерінен әлемде бұрын-соңды болмаған дыбыс шығаратындығында жатыр. Құрылыс Ланкашир графтығындағы Бернли қаласында орналасқан.


Ағаш пішінінде тұрғызылған мүсіннен шығатын әуен тым қатты болса да, табиғаттың бірқалыптылығын бұзбайды әрі жануарларды да шошытпайды.

Жоба 2006 жылы таныстырылған болатын. Құрылыс авторлары – Анна Лю және Майка Тонкина есімді сәулетшілер.

Суреттер:21region.org,jogral.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева