Аң басына күн туса (сурет)

Әлемдегі жан-жануар "қоғамы" күн санап азайып келе жатыр. Зерттеушілердің сөзіне сенсек, 2050 жылға дейін 1 миллионға жуық аң жер жер бетінен жойылып кетуі мүмкін. Жазықсыз аңдардың терісін саудалап, оларға күн көрсетпей жүрген адамдарға суретшілер фотошоп әдісімен тіл қатыпты.

Суретшілер аңдарға сауыт кигізіп, қолдарына қару ұстатып, өздері үшін күрескен батырлар кейпінде бейнелеген екен. Мұның астарында түсінген адамға зілді әрі әзілді ой жатыр.