Америка материгінің жергілікті тайпаларына қатысты “Үндістер” деген атауды алғаш Христофор Колумб қолданған. Ол басқа материк ашқанын білмей, Еуразия материгінің Үндістан аймағындамын деген оймен кезіккен жабайы адамдарды үнділер деп топшылаған. Содан бері “Үндістер” термині қолданылады.
Лингвист Джозеф Гринсбург 1 500-ден астам Америкалық үндістер тілін зерттеген. Тілден өзге қандық ерекшеліктерін сараптай келе, ғалым оларды Азиядан Америкаға 3 миграция нәтижесінде көшіп келген деген шешімге келді. Жалпы, бұл пікірді ұстанатын ғалымдар өте көп.
Америка Құрама Штаттарының кейбір атақты жұлдыздары Америкалық үндістердің тікелей ұрпағы. Мысалы: Шер, Энтони Куинн, Ава Гарднер, Джеймс Эрл Джонс, Лу Даймонд Филипс, Энн Хэтуэй, Меган Фокс, Бред Питт, Анджелина Джолт, Билли Боб Торнтон, Боб Баркер, Берт Рэйнолдс, Джонни Депп, Роза Паркс, Кэвин Костнер, Уитни Хьюстон, Долли Пэртон, Лудакрис, Джимми Хендрикс, the Jonas Brothers, Элвис Пресли, Опра Уинфри. Бұл тізімге енгізуге болатын жұлдыздар қатары көп-ақ.
Америкалық үндістер тұрған ауылдық мекендер уақыт өте үлкен қалаларға айналған — мысалы, Чикаго, Детройт, Сент Луис, Канзас, Питсбург, Покателло және басқалар.
Америкада тұратын 5,2 миллион Америкалық үндістердің 22%-ы әлі күнге дейін тайпалық мекендерде тұрады.
Бізге Диснейлік мультфильмдерден белгілі Покахо́нтас — поухатан тайпасының Поухатан есімді көшбасшысының қызы. Оның шын есімі — Матоака. Тайпаның ханшайымын әкесі Покахонтас деп атап кеткен. Бұл сөз жергілікті тілде “Кішкентай ерке-тотай” деген мағына береді.
Жалғасы бар...