Мына қызыққа қараңыз, Калифорния штатының Джоуи Честнат есімді тұрғыны 191 тауық қанатшаларын жеу арқылы жаңа рекорд орнатты. Ең қызығы сол, Бафаллода өткен National Buffalo Wing Festival-ында аталған азамат осынша тауық қанатшаларын 12 минутта тауысып тастаған. Бұл туралы РИА Жаңалықтар хабарлайды.
28 жастағы Честнат "Қара тұл әйел" деп аталып кеткен Соня Томастың алдын орап отыр. Айта кететін болсақ, Соня Томас 2011 жылы 183 тауық қанатшаларын жеп тауысып, рекорд орнатқан болатын.
Одан бұрын калифорниялық азамат хот-дог жеуден алтыншы рет алдына жан салмай келген еді. Сол жолғы жарыста 68 хот-догты бір өзі жеп тауысқан-ды. Бүгінгі таңда Честнат азық-түлік жеуден әлемдік рейтингтің көш басында тұр.
сурет:nydailynews.com
Дайындаған: Фараби Бақыт