- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Америкалық соттың қателігінен...
Америкалық соттың қателігінен 32 жыл түрмеде отырып шықты
3 жасар қызды зорлап өлтірді деген айып тағылған америкалық Андре Дэвис түрмеде 32 жыл отырып шықты. Осы жылдары Андреның өзі айыпсыз екендігін білсе де, оны құқық қорғау органдарына дәлелдей алмаған.
Дэвисқа бұл айып 1980 жылы тағылып, соттың шешімімен түзету колониясына аттана барған. Бұл жылдары ДНҚ анализін жасау мүмкін болмағандықтан сотталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмаған. Тек 32 жыл өткен соң ғана, 2012 жылы Дэвис оқиға орнындағы айғақтарға ДНҚ анализін жасауды өтінген. Осыдан кейін ғана оның айыпсыздығы дәлелденіп, Андре бірден босатылды.
19 жасында Иллинойс штатындағы қатаң режимдегі колониядан бір шығып, өмірінің көп бөлігін сол жақта өткізген оған айып тікелей емес, жанама айғақтарға сүйене отырып тағылған еді.
Енді Дэвис мемлекеттен материалдық компенсация өндіруді қолға алмақшы екен.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: topicpls.com