Калифорния штатының тұрғыны Лукас Унгер болашақ жарына ерекше сый жасады.
Лукас Унгер қалыңдығына бағалы тас орнына өз тісі қойылып жасалған сақина сыйлаған. Лукас пен Карли Канадада өткен музыкалық фестивальде танысқан.
Бастапқыда мұндай ерекше сақина жасауды екі жас бірге ойластырыпты. Ал Лукас идеяның шынайы іске асуына барын салған. Ол өзінің ата-анасына бала кезінде жұлынған тісін жіберуді өтініп, оны кейін сақинаға әшекей тас ретінде бекітіп безендірген.
Дереккөз: NUR.KZ