30 жылдық тәжірибесі бар америкалық педиатр Роберт Гамильтон (Robert C Hamilton) жылап жатқан нәрестені дереу жұбататын әдіс ойлап тапты. Ол ерекше тәсілімен YouTube видеохостингінде бөлісті.
Оның айтуынша, нәрестені тыныштандыру үшін оның қос қолын кеудесіне қою керек. Содан кейін баланы 45 градус бұрышпен ұстап, ары-бері тербеген жөн.
Дәрігер бұл әдісті үнемі қолданатынын және әрдайым нәтиже беретінін мәлімдеді. "Мұны нәрестенің жаңа туған кезінен бастап үш айға толғанға дейін қолданған жөн. Сонымен қатар бұл әдісті шала туған балаларға да қолдануға болады, тек абай болу керек", − деді маман.
Дереккөз: tengrinews