Америкалық Джастин Арнольдтің Флорида аудан бөлігіндегі Тампа қаласында қос басты аллигатор көргендігін UPI.com сайты мәлімдеп отыр. Бауырмен жорғалаушы Хилсборо өзенінің бойында байқалып қалған. Азамат қолтырауынды көрген бетте суретке түсіріп Facebook-тегі парақшасына жариялаған.
«Мен итімді өзен жағалауында қыдыртып жүрген болатынмын, сол уақытта бір топ адамның үйіліп, бір нәрсені қарап жатқандарын көзім шалды, жақындап барып қарасам, сенер-сенбесімді білмедім.... екі басты қолтырауынды көрдім», – деп жазады Арноллд.
Арнольдтің айтуынша, оны көрген жалғыз ол ғана емес, бұл туралы тұрғындар жергілікті Жабайы флора мен фаунаны қорғау комиссия бөлімшесіне (Fish and Wildlife Conservation Commition (FWC)) бірнеше рет хабарлаған. Ұйымның сөзіне сәйкес, қолтырауын жай ғана мутация құрбаны болған екен. Ал бұндай нәрсе бауырмен жорғалаушылар арасында жиі кездесетін үрдіс.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/aRh5IKALfaw","width":"450","height":"350"});
Оқи отырыңыз:
Кісі өлтіруші қолтырауын ұсталды (видео)
Кассиус Клей – әлемдегі ең алып қолтырауын
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: www.huffingtonpost.com