Амазонка джунглилерінің бірінен өзінің көшірмесін жасай алатын өрмекшінің түрі табылды. Оны шыбын-шіркейді қолға түсіру үшін пайдаланатын болса керек.
Ғалымдардың пікірінше, өрмекші Cyclosa тегіне жататын өрмекшілердің бірі. Бұл өрмекшілер өрнек құрастырып, түсініксіз мүсін жасауымен ерекшеленеді. Ұзақ бақылаудың нәтижесінде өрмекшілердің өз көшірмесін жасайтындығы анықталған.
Ғалымдар ең алдымен өрмектің үстінен көлемі 2,5 сантиметрдей болатын өлі өрмекшіні көргендерін айтады. Кенет өлген өрмекші жылдам қозғала бастайды. Артынша жәндіктерді торға түсіру үшін қойылған жасанды өрмекші екендігі анықталған. Мұнымен қатар олар өрмекшінің жасанды көшірмесін ары-бері жылжытып отырғандығын көргенде, қатты таңырқаған. Бұл секілді әрекеттер ғылымда әлі зерттеліп бітпеді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: byaki.net