Шетелге келе салысымен бойыңды жаңа әсер мен таңғажайып жаңалықтар билеп алады. Әсіресе өзге елдің тағамдары мен жеміс-жидектері. Сол экзотикалық жемістер жайлы сыр шертейік.
Таиландқа келіп, түкті жеміс, яғни рамбутанды жемей қайту – күнә. Жеген кезде дәмі тәтті, ал балдыры іркілдекке ұқсас. Жергілікті тұрғындар түкті жеміс деп те атай береді. Алайда мұқият болыңыз – түкті жағы құмырсқалардың сүйікті азығы, сондықтан рамбутанды жеудің алдында оны жақсылап сілкіп, сыртын мұқият аршу керек.
Сол Таиландта және көршілес Лаос пен Камбоджада рамбутанның жеміс-ағайыны дуриан өседі. Оның ерекшелігі сол, қатты сасық. Бірақ одан сескенудің қажеті жоқ. Балдырын аузыңызға сала салсаңыз болды, әлемдегі ең дәмді жеміс жеп тұрғаныңызға күмәнданбайсыз.
Ал келесі жемістің аты одан да ерекше – қанды апельсин. Алайда бұл ат оның балдырының қан сияқты қызыл түсі үшін берілген. Жеміс антиоксиданттарға, С, А дәрумендеріне, темір және кальцийге бай. Және оның құрамында қарапайым апельсинде кездеспейтін антоциандар бар. Және ағайындарынан ерекшелететін де осы қасиеті.
Папуа-Жаңа Гвинеяда чемпедак атты жемісті кездестіруге болады. Дәмі джекфрутке ұқсас, шырынды, тәтті, иісі мүңкіп тұрады. Жемісті аршыған кезде қолға қатты жабысатын ақсөл бөледі.
Жұмыртқалы жеміс (алайда қарапайым жұмыртқамен еш байланысы жоқ), немесе канистель, Орталық Америкада өседі. Бұл өнімді түрліше пайдаланады – піскен түрінде, қуырып, балмұздаққа қосып. Соусты канистельвкусен жасап, сорпалар мен салаттарға қосады. Жалпы бұл жеміс емес, көбіне көкөніс болып саналады.
Гуава. Бұл жеміс құлпынайға ұқсайды. Жүрек жұмысы мен ас қорытуды жақсарту үшін қабығы, сүйектерімен бірге жеу керек. Жемістің отаны болып Американың тропикалық елдері саналады. Ал гуаваның құрамындағы С дәрумені кез-келген цитрус жемістерге қарағанда 5 есе көп.
Жарнамалардан беймәлім жожобаның майынан жасалған сусабындар жайлы көп естиміз. Жожоба (немесе Хохоба, немесе одан да ғылыми түрде – қытайлық Симмондсия) – мәңгі жасыл тікенекті бұталардың жемісі. Көбінесе Қытайда, Жапонияда және тағы басқа азиялық елдерде өседі. Жемістің ішкі жағы сары-қызыл түсті, етті болып келеді. Жаңа піскен түрінде де, қатты піскен кезде де дәмді. Көбіне кисель, компот, тосап жасау үшін қолданады.
Квандонг, немесе австралиялық шабдалы. Жеміс Австралияның құрғақ климатында жақсы өседі. Квандонгтың жемісі сарыдан қызылға дейін, ал кейде көкке дейін түсін өзгертуі мүмкін. Жергілікті тұрғындардың барлығы бұл өнімді азық етеді. Жемістің дәні сүтқоректілердің миына ұқсайды. Оның тәттілігін және сақталу мерзімін арттыру үшін оны күнге кептіріп, кейде қант салып қояды. Дәмі өрік пен рауғаштың қосындысына ұқсайды. Жергілікті халық квандонгты еттің орнына пайдалана береді.
Суреттер: ftkimmeriya.ru, varimparim.ru, feelgood.com.ua, ayzdorov.ru, ukusi.com, fruitarian.ru, poxe.ru, ukusi.com
Дайындаған: Анар Мұстафина