Жеті қазынаның бірі саналатын ит тұқымдары адамзат үшін ерекше құрметке ие. Оның адалдығы, қорғанышы және сенімділігі өзге жануарларға қарағанда едәуір көп. Бүгінгі таңда ит асырайтындар саны да ұлғайып келеді. Әрқашан иесінің қасынан табылып, қожайынының ойнағанда ермегіне, қыдырғанда серуенге шығар жолдасына, қауіп төнгенде бірге өткерер досына айнала білетін иттер әзірге өз дәрежелерінен түсіп көрген жоқ.
Әлемде иттердің де сан алуан түрі бар. Бойына, қабілетіне, салмағына, жүнінің үрпектігіне, жүректілігіне қарай бөлінетін төбеттердің әрқайсысы көздің жауын алатыны хақ. Сол секілді ең ауыр иттер де бұл тізімге жатады. Соның бірі – Ұлыбритания елінде өмір сүріп жатқан Бальтазар есімді алып ит. Оның салмағы 98 келіні құрайды. Ал ұзындығы 2 метрге жуық. Монте-Ирвин әулетінің көзайымына айналған төбетті тамашалаушылар саны да жетерлік.
Екі аптаның ішінде 15 келіге дейін тамақ жейтін төбетті асырау үшін Монте-Ирвин әулеті айына 108 фунт стерлинг жұмсайды екен. Мұндай қомақты қаржының кетіп жатқандығына қарамастан қожайындары ерекше итке иелік етіп жатқандарына қуаныштарын білдіреді. Тіпті оның үлкен болса да үйіндегі үш баласымен жақсы қарым-қатынаста болғанына қуанады екен.
Алып төбеттің негізгі қоныстанған орны – ас үй. Отанасының сөзінше, кейде қарбалас уақытта төбет жұмыс жасауға аздап бөгет те болып қалады екен.
Қожайындарының сөзінше Бальтазар үй ішінде мысықтармен ойнағанды жақсы көреді. Өзінің үлкендігіне қарамастан мейірімді төбет нәзік великан деген лақап атқа ие болған.
Осылайша Бальтазар жұртқа алып төбеттердің де мейірімді бола алатынын көрсетті.