Біз ұсынғалы отырған 10 үздік өнер туындысы өз кезегінде алып, дәу құрылыс кешендері болып саналады, алайда қазіргідей техника мен құрылыс салу технологиялары жоқ заманда – ежелгі дәуірлерде алып жартастарға қашалып, қаланып салынған. Бұл алып құрылыстар – тарихи жәдігер, мәдени ескерткіш. Әрі мәңгілік құрылыс десе де болады, өйткені мұндай өнер туындылары алып тастан, қатты жер жынысынан қаланып жасалған.
Алып құрылыс деп отырғанымыз – мінәжат орындары, тау храмдары, көне қала орындары. Бұл тау құрылыстары – мыңдаған жылдар бойы адамдардың қасиет тұтқан, мінажат еткен орындары.
Абу Симбел ғибадатханалары, Мысыр
Бұл тарихи храм біздің заманымызға дейінгі ғасырларда салынған. Египеттің оңтүстігіндегі Нассер көлінің жағасында таулы каньонда орналасқан. Мұнда екі алып храм соғылған: оның бірі – перғауын ІІ Рамзеске арналса, екіншісі – перғауынның ханшайымы Нефертариге арналған. Бұл храмдардың көнелігі мен адамзат үшін құндылығы соншалық – тарихи ескерткіштердің еңсесі шөкпесін деп құйылған орнынан өзге аумаққа көшірілген. Жанындағы сарқырама суының көтерілуіне байланысты гигант құрылыстарды орнынан жылжытуға тура келген. Абу Симбелге бара қалсаңыз, храмдардың «көшін» ғана көріп қоймай, храм алдында қалт етпей отырған алып мүсіндерді, қабырға бағаналарды, көне жазуларды көріп таңғаласыз.
Иорданиядағы Петр храмы
Мысырдан Иорданияға келсеңіз де, бір тарихи сәтке куә боласыз. Бұл туысқан мемлекеттердің көне тарихына көз жүгіртесіз. Иорданияда да Мысырдағы тәрізді алып храм бой көтерген. Петр храмы аталатын ақ сауыт сәулет кешені біздің жыл санауымызға дейінгі дәуірлерде салынған. Бұл храмның орны – көне шаһардың жайғасқан мекені. Шаған жартастардан сойылып соғылған тағы бір мәрмәр храм Эль Хазне деп аталады. Эль Хазне – суретке ең көп түсірілетін орын. Б.д.д. ІІІ ғасырда салынған бұл храм әлі күнге дейін өзінің саф алтын келбетін сақтап қалған. Храм алдындағы мүсіндер мен ой-өрнектер, гализей-бағаналар сызат түспеген күйі әлі де тұр. Мұны біз храм деп атап отырғанымызбен кезінде бұл құрылыс Қазына қоймасы болған.
Боробудур ғибадатханалары, Индонезия
Индонезияға барсаңыз IX ғасырда салынған Борбудур храм кешеніне кездесесіз. Бұл – әлемдегі ең үлкен әрі ең әдемі будда храмы саналады. Яваның ну ормандары арасында мұнтаздай тік бой түзеп, алыстан қарауытып күмбезін көрсеткен бұл будда храмдары – көне дәуірдің мәдени мұрасы, көне қауымның мәдени өмірінен хабар беруші «елші». Храмның өзі ерекше модерн үлгіде, экстракелбетте жасалған, айналасы 6 ірі квадрат платформалармен қоршалған. Ал ішінде жүздеген қоңырау пішіндес шағын күмбездер тізілген. Күйдірілген күмбездер әлдеқандай мистикалық күйге бөлейді.
Әулие Георгий монастыры, Эфиопия
Эфиопияның Лалибэла деп аталатын шағын кентінен шығысқа қарай таулы қыратта тағы бір өнер туындысы – Әулие Георгий монастыры. Бұл шіркеу IX ғасыр бұрын салынған. Қасиетті орын болғанымен, шіркеудің өзге де қызметтері болған. Монастырь – Эфиопиядағы ең көне көпірлердің бірі. Әрі құрылыс қабырғаларының қына тәрізді қызылды-сарылы күйде келуі оның қорғаныс кешені ретінде пайдаланғандығын көрсетеді. Вертикальді, көлбеу келген биік қабырғалар бірегей қорғаныс қызметін атқарған. Құрылыс қабырғаларында крест көп қашалуы туындының ерекшелігін арттыра түседі.
Түрік Каппадокиясы
Түркияның орталығында орналасқан Каппадокия облысы – көне мүсіндер мен монастырьлардың, көне мұғалжар жартастардың мекені. Мәселен, Үшсар кентінде ақбоз тау қыраттарының үңгір шұңғымасындай шүйделеніп, араның ұясындай шұрық-тесік жасалғанын аңғарасыз. Балықтың желбезегіне, түсі көк акуланың бас тұлғасына ұқсайды. Шындап келгенде, бұл – жартас үңгірінде жайғасқан көне тұрғын үйлердің есіктері, кейбірінде әлі күнге дейін адамдар тұрады. Аталмыш абылайша күрке қыраттардың ерекше формада жасалуы – көне мәдениет архитектурасынан хабар береді.