Иранның бір балмұздақ жасау зауыты тарихтағы ең алып балмұздақты жасап, әлемдік Гиннес рекордын жаңартты. Осыдан сегіз жыл бұрын АҚШ-та төрт тонна ауырлықтағы балмұздақ жасалып, өз зауытын жарнамалаған. Сонымен қоса Гиннес кітабына енген болатын.
Ал 1 сәуір Иран астанасы Тегеранда жасалған алып балмұздақ бұл рекордты жаңартты. Ауырлығы бес тонна тартатын балмұздақ орталық алаңда көрермендерге тегін үлестірілді.
Иран халқының әрбірі жыл сайын орта есеппен 1.5 кг балмұздақ тұтынады екен. Бұл елде балмұздақ секілді салқын тағамдарға деген сұраныс өте жоғары деңгейде. Сондықтан да балмұздақ зауыттары жаз мезгілінде қиян-кескі сауда бәсекесіне түседі. Алып балмұздақты жасауға 30 мың АҚШ долларын жұмсаған. Гиннес рекордына бұлай сайыс жариялау сауда белгісін әлемдік деңгейге көтеру үшін ғана болмақ.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: haber7.com