Туғанына төрт ай болған екі қонжық АҚШ-тың Аляска ормандарында вальс биледі. Қонжықтар қол ұстасып, дөңгелене қозғалған. Бұл сәтті 64 жастағы фотограф Энтони Голдман Лейк Кларк ұлттық саябағында суретке түсіріп алған.
Фотографтың өзі: «Қонжықтар әдеттегідей ойнап жатқан. Бірақ олар менің өздерін бақылап тұрғанымды сезіп, әдейі билегендей көрінді»-дейді.
Қонжықтар қысқа көріністен кейін, тәлтіректеп барып, жерге құлап қалған.
Күні бүгін Аляскада 32 мың қоңыр аю бар.
Дереккөз: reactor.inform.kz