Суреттегі алтын тас – бұл Бирмадағы Чайттийода шақырымынан асатын биіктікте орналасқан мұз дәуірінен қалған тау жынысты үлкен домалақ тас. Гранит қойтас алтынмен жалатылған. Бұл тастың көптеген ғасырлар бойы құздың басында еш қозғалыссыз тұрғаны физиктерді осы күнге дейін ойландыруда. Биіктігі 6 метр, енінің ұзындығы 25 метр болатын бұл тастың қалайша құламай тұрғанын ешкім ғылым тұрғысынан түсіндіре алмады. Ал Мяньма халқы, мұны құдіретті күштің арқасында деп түсіндіреді.
Аңыз бойынша, Будда алдынан кездескен тақуаға бір тал шашын сыйлаған. Мұндай байлыққа кенелген тақуа не істерін білмей, тікелей ел патшасына барады. Патшаның шешімімен, теңіз түбінен үлкен тас алдырып, оны биік шыңның басына орналастырады. Мұнымен қоса, Чайттийоның бір шыңына ғибадатхана салып Будданың шашын қатырып сонда сақтап қояды. Тас сол шаштың арқасында ұсталып тұр екен.
Бұл тас б.з.д.16 ғасыр жазбаларында кездеседі.
Тасқа маңдай тигізіп сиыну және жанындағы ғибадатханаға бару әрбір діндар адамның міндеті екен. Егер бір адам бір жылдың ішінде осы тасқа 3 рет барып қайтса, ол бақытты әрі дәулеті асқан бай болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: darkbook.ru