«Апельсин қандай жеміс?» деген сұраққа «түсі қызғылт сары, пішіні дөңгелек, қабығы бар, қышқыл, тәтті» деп, қайыра саламыз. Ал оның ғұмырыңызды ұзартып, асқазаныңызды қыжылдан қорғайтын қасиеті барын бұрын-соңды біліп пе едіңіз? Олай болса, бұл жемістің біз біле бермейтін тұстарын бүгінгі жазбамыздан оқи аласыздар.
1. Тропикалық аймақтарда апельсиндер жасыл түсті, ал қоңыржай белдеулерде сары түсті болады екен. Апельсин өсірушілер олардың сары түсті болуын күн көзінің жеткіліксіздігінен деп түсіндіреді екен.
2. Калифорния штатында ванна қабылдаған кезде апельсин жеу заңғы қайшы екен. Себебі, апельсин қышқылы шомылуға арналған майлармен қосылса, химиялық қопарылыс тууы мүмкін.
3. Апельсин шырыны – қыжылды тоқтататын табиғи дәрі. Оның қышқылы азқазаныңыздың ас қорытуына септігін тигізеді. Сериалдарда таңғы асқа апельсин шырынын не үшін ішетінін білдік.
4. Навел немесе түйіншегі бар апельсин басқа сортты апельсиндерге қарағандай әлдеқайда тәттірек. Мамандар бұл кішкентай түйіншектер үлкен апельсиндердің кішкентай ғана тұқымы деп түсіндіреді. Апельсиннің бұндай сорты Бразилияда көп өседі екен.
5. Апельсин ұзақ жасауға көмектеседі. Жемісте ерте қартаюдың алдын алатын антиоксиданттар көп.
6. Моро апельсині. Апельсиннің бұл сортын кейде қызыл кейде қанды апельсин деп те атап жатады. Қанды апельсин деген «лақап атын» түсіне байланысты иемденгені анық. Түсінен қорықпасаңыздар болады. Өйткені, бұл да апельсиннің ең тәтті сорты екен.
7. Апельсин әлемде таңдаулы хош иістер қатарында, шоколад пен ванильден кейін үшінші орынды алады екен.
8. Христофор Колумб 1493 жылы Америкаға саяхат кезінде алғаш рет апельсин тұқымы мен көшеттерін әкелген екен. Оған қоса, саяхатшы лимонның тұқымы мен көшетін де өзімен бірге ала келген.
9. Бобби Лич – Ниагара сарқырамасынан өткен Энни Тейлордан кейінгі екінші адам. Дәріс оқу үшін Жаңа Зеландияға жолға шықпақшы болып, апельсин қабығына жығылып құлап, аяғын жарақаттаған екен. Екі ай өткен соң, жарақатының әсерінен қаз тапқан.
10. Кей ғалымдар апельсин ағашының тұқымын жидектер қатарына қосады екен.
11. Апельсиннің жұмсағы негізінен он бөліктен тұрады. Көлемі мен тәттілігі сортына қарай өзгереді екен.
12. Әлемде жиналған апельсиндердің 85% шырын жасауға пайдаланады екен.
13. Апельсин ағашының шыбықтарынан маникюр таяқшаларын жасалады. Өйткені, «апельсин» таяқшалары берік болғанымен, жұмсақ. Сол себепті, шеберлер тырнаққа қатты күш түсірмес үшін тек осы жеміс ағашының талдарынан жасалған таяқшаларды қолданады.
14. Ежелгі мифологияда апельсинді Геркулес ұрлаған «алтын алма» деп атапты.
15. Испанияда 35 миллионнан астам апельсин ағашы өседі екен.
16. Ямайкада едендерді апельсиндердің бөліктерімен тазалайды екен. Механикада түрлі майларды кетіру үшін қолданылады.
Сурет: hi-news.ru, agrumes-baches.com, media-cache-ec0.pinimg.com, img03.rl0.ru, vorobiov.com,sobreespana.ru, file.mobilmusic.ru