Альпі таулары астынан үлкен тоннель салынатын болды

Альпі таулары астынан үлкен тоннель салынатын болды

Италия мен Франция Альпі таулары астынан жоғары жылдамдықты тоннель құрылысын салуға келісті, деп хабарлайды BBC.

Тоннель құрылысын бірлесіп салуға екі жақ Лионда өткен саммит кезінде уағдаласқан екен. Алдын ала хабар бойынша, тоннель Францияның Лионы мен итальяндық Турин қалаларының арасын жалғамақ. 

Екі жақтың сөзінше, жаңа тоннель альпі жолдарын жүк көліктерінен тазартып, өңірдің дамуына үлкен себін тигізбек. Келесі жылы құрылысы басталатын алып жоба қаржылық жағынан қазіргі кездегі ең үлкен жобалар қатарынан саналып отыр. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: loveopium.ru


Б. Қосмағамбет