- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- "Алғашқы махаббат" фестивалі...
"Алғашқы махаббат" фестивалі
Бұрынғы сүйіктілеріңізбен қарым-қатынасыңыз қандай? Сіздер көрген жерде амандасасыздар ма әлде танымаған адамдарша өтіп кетесіздер ме? Осыған байланысты Вьетнам халқы фестиваль ұйымдастырған екен. Ол фестиваль Қытайдың шекарасында орналасқан шағын Хау Вай ауылында өтеді. Бұл фестивальде жыл сайын алғашқы махаббаттарын кездестіру мақсатымен барша ғашықтар бас қосады.
Бұл фестивальді кім ұйымдастырған? Ертеректе Ха Джиань тайпасынан шыққан Джиай есімді ару Цао Бань тайпасының Нунга есімді жігітіне ғашық болған. Джиайдың теңдессіз сұлулығын жат жұртқа қимаған тайпасы ол үшін шайқас алаңына шығады. Екі тайпаның қаны төгіледі. Ғашықтар жазықсыз құрбан болған халықты сақтап қалу үшін айырылысады. Алайда жыл сайын 3 айдың 27 күнінде кездесеміз деп уәделеседі. Бұл дәстүрдің шығу тарихы осылайша баяндалады.
Бүгінгі таңда бұл дәстүр жанданып, жастардың ойын-сауық құратын мерекесіне айналған. Түрлі әткеншектерде ойнап, ән орындап, қойылымдар қояды. Бірақ, бұлардың ешқайсысы да олардың бұл жеріне келуінің басты себебі бола алмайды. Олар бұл жерге алғашқы ғашықтарымен кездесу үшін келеді. Өткен тәтті күндерді еске алады. Дәстүрлі фестивальге ерлі-зайыптылар бала-шағаларымен бірге келіп, өздерінің алғашқы сүйіктілерімен жолығуға мүмкіндік алады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет:lama.kz
Қ. Бүйенбай