Жаз мезгілінде аптап ыстықтан қорғанып, көңіл көтеретін мекендердің бірі – аква саябақтар. Әлем бойынша аква саябақтардың саны 2500 мыңнан асады. Қазіргі таңда, аква саябақтар туристер көп шоғырланатын мекендердің біріне айналды. Назарларыңызға әлем бойынша туристер арасында үздік деп танылған сегіз аква саябақты ұсынамыз.
Мұхит күмбезі (Ocean Dome)
Жапонияның айдындарының бірі Кьюшуда орналасқан аква саябаққа жыл сайын жергілікті тұрғындармен қатар, шетелден демалушылар келеді. Сигайя шипажайы әлемге «Мұхит күмбезі» атты аква саябағымен әйгілі. Бір мезетте бұл саябақта 10 мыңнан аса адам демала алады. Күмбез ұзындығы 40 метрді құрайды, ыстық күндері үсті ашық, ал жаңбырлы күндерде жабылады. Кез келген уақытта ішкі температура көрсеткіштері 30 градустан төмендемейді, ал су температурасы +27 +28 болады. Саябақ аумағы жеті жүз гектарды құрайды. Жағажай, тропикалық өсімдіктерге бай орманды алқап, жасанды толқыны бар шағын мұхит, әр түрлік аква аттракциондар бар.
Wild Wadi. Дубай (БАӘ)
Дубай қаласында әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі Бурдж Халифа бой көтерген. Ғимарат аумағында шетелдік туристер көп баратын Wild Wadi аква саябағы бар. Бұл саябақта көңіл көтеруге болатын барлық ойын-сауық құрылғылары мен денсаулыққа дауа болар орталықтар орналасқан.
Sunway Lagoon. Куала-Лумпур (Малайзия)
Үш секцияға бөлінген аква саябақта кез келген жастағы демалушы көңіл көтере алады. Аттракциондардың әртүрлілігі, жайлы жағажай, мөлдір су жылдың кез келген мезгілінде жанға рахат сыйлайды. Аква саябақ салынған кезде арнайы мұхиттан бірнеше тонна құм әкелінген.
Tropical Islands. Краусник (Германия)
Бұл жай ғана аква саябақ емес, бұл нағыз ойын-сауық орталығы. Әр түрлі аттракциондар, тропикалық ормандар, шағын мүйістер орналасқан. Бір келгенде демалушылар суға түсіп, жағажайда жатып қана қоймай, орман ішінде серуендеп қайта алады.
Chime-Long Water Park. Гуанчжоу (Қытай)
Аумағы 30 акрдан асатын саябақта небір су төбешіктері бар. Көптеген бассейндерде жасанды толқындар іске қосылған. Ал аттракциондардың барлығы заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталған.
Schlitterbahn. Техас штаты (АҚШ)
Жеті секторға бөлінген аква саябақта жиырмадан астам су төбешіктері мен ұзындығы бес шақырымға жететін су құбырлары орналасқан. Сондай-ақ, серфингке жайлы бірнеше жасанды бассейндер бар.
Las Cascada Water Park. Пуэрто-Рико
Кариб бассейнінде орналасқан саябақ өзгелер сияқты ауқымды әрі кең болмаса да, өте жайлы әрі қолайлы. Табиғаты жайсаң мекендегі саябақта су төбешіктері мен өзге де аттракциондарға бар.
Sandcastle Waterpark (Ұлыбритания)
Ұлыбританиядағы төбесі жабылған ең үздік саябақтардың бірі. Жылдың кез келген мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін саябақта жиырмадан аса аттракциондар, су құбырлары мен төбешіктері, балалар алаңы, жасанды толқыны бар бассейндер мен шағын өзендер орналасқан.
Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Суреттер: globuslife.ru