Венесуэланың солтүстік-батысында, Кататумбо өзені бар. Аталған өзенді бүгінде жергілікті халық «Кататумбо найзағайлары» мекені деп атап кеткен. Себебі жыл бойына өзен бетінде миллионға жуық найзағай ойнайды. Әрбір жайдың өлшемі – 400 000 ампер. Бұл жер бетіндегі ең көп найзағай түсетін жер.
«Кататумбо найзағайларының» ерекшелігі бұлт арасынан түскен әрбір жайдың жарығы қаланың түн ішінде жап-жарық қылып, әсем бір сәулеге бөлейді. Тіпті әлемнің әр жерінен саяхатшылар осы сұлулықты көру үшін келеді.
Бұл найзағайлар күніне он сағатқа жуық уақытта ойнайды. Жергілікті Маракайбо маягі осы жайлардың көп түсуінен күн сайын жұмысын тоқтатқан емес. Себебі өзенде болатын жарқылдан кемелер адасып кетуі мүмкін.
Ең алғаш «Кататумбо найзағайлары» 1595 жылы Фрэнсис Дрэйктің Маракайбо қаласына соғыс ашып, оны алуға келген кезде тіркелген. Олар көктен түсен жарық жайларды көріп шошып қалған. Себебі қалаға түн ортасында білдіртпей шабуыл жасамақ болған жоспарлары быт-шыт болған. оған себеп «Кататумбо найзағайлары». Көктен түсен найзағайлар тоқтаусыз екі тәулік бойы қаланың жап-жарық қылып тұрған.