2011 жылы әлемнің жаңа жеті кереметі анықталғанын бәріміз жақсы білеміз. Соның бірі - Игуасу сарқырамалары. Иә, сарқырама емес, сарқырамалары. Себебі оның құрамында 275 сарқырама бар.
Жалпы сарқыраманың ені - 4 км. Ол әлемдегі ең үлкен Виктория сарқырамасынан да 1,2 км көп. Судың құлау биіктігі 80 метрді құрайды.
Бұл табиғаттың тылсым құбылысы - Аргентина мен Бразилияның шекарасы. Ал "Игуасу" деп үндістер атау берген. Ол термин "Үлкен су" дегенді білдіреді.
Бұл кешендегі ең ерекше және үлкен сарқырама - "Шайтан жұтқыншағы" деп аталады. Оның формасы тағаға ұқсаған.
Бұл табиғи жүйенің күштілігі соншалықты, бір минуттың ішінде 100000 м³ су құлайды. Алайда ең әдемі пейзажды тікұшақтан тамашалай аласыздар. Төбеден Игуасудың барлық кешендерін көруге болады.
Қазіргі таңда сарқырамалар өзінің сұлулығымен мыңдаған туристі қуантуда.
Оқи отырыңыз:
Спортты сүйетін 72 жасар әже (видео)
«Жоқтығымен» әйгілі мемлекеттер
Қысқы демалыста таудан басқа қай жерге баруға болады?
Хайуанаттар бағындағы пілдердің махаббаты
Сурет: ukr-brazil.com, lifeworld-h.blogspot.com