- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемнің ең улы...
Әлемнің ең улы көлдері
Байкал, Мичиган, Виктория – көпшілікке белгілі бұл көлдер болашақта бірнеше ұрпаққа жететіндей таза ауыз су қорын сақтап отыр. Біздің ағзамыздың 80%-ы судан тұратынын ескерсек, аталған қор өмірімізде аса маңызды рөл атқарады. Бірақ, көлдердің барлығында су құрамының тазалығы сақталған деп айту қиын.
Адам қолымен тіршілігі жойылған көлдерге назар салып көрейік.
Рио Тинто, Испания (жоғарыдағы суретте)
Рио – өзен, Тинто – қызыл. Бразилияны кезінде португалдық отаршылар ондағы жергілікті қызыл ағаштың атына байланысты осылай атаған екен. Өкініштісі Рио Тинтода үш мың жылдан астам уақыт бойы алтын, күміс, мыс, никель, молибден өңдірілген... Орта ғасырларда, тіпті, сынап та қазылған екен. Таң қаларлығы онда ауаны керек етпейтін, бірақ азотқа мұқтаж болған экстремалды бактериялар өмір сүреді. Астробиологтар бактерияның бұл түрінің Марста да өмір сүріп кететінін болжауда.
Карачай, Ресей
1975 жылғы Кыштым апатынан кейін көлдің астында өлімге себеп болатын стронциден бастап плутониге дейінгі барша танымал радиоактивті элементтер жерленген. 2017 жылғы өлшеулер көл жағасында арнайы хим-радиоқорғауыш киімдерін толықтай кимей бір сағаттай уақыт өткізу – өлімге себеп болатындай радиация дозасын беретінін көрсетті.
Читарум, Индонезия
Үнді мұхиты өте үлкен саналады. Ал Индонезия архипелагы – әлемдегі ең үлкені. Бірақ, ондағы ауыз су мәселесі индустриялық революцияға дейін басталған. Бүгінде сондай тропикалық климатта 300 миллиондай адамға шөлдерін басу үшін қоқысты қайнатып ішуге тура келіп отыр. Қауіпті көлдер қатарындағы Читарум көліне жүзден аса химиялық кәсіпорындардың қалдықтары ағып келеді. Оның көп бөлігі күріш алқабына қарай да ағуда. 2011 жылы үкімет аталған мәселені шешуге сөз берген екен. Сөйтіп, көлді оңалту жобасының 15 жылға шаққандағы құны - 4 млрд. долларды құрапты. Мәселе бірте-бірте шешілу үстінде.
«Қайнап жатқан» көл Доминикан Республикасы
Бұл Камчатка емес, Йеллоустон да емес, бірақ «қайнап жатқан» доминикандық бұл көл су температурасы бойынша әлемде екінші орында деп саналады. Ол – гейзерлік алқап емес, толыққанды көл болып есептеледі. Желдің бағытына байланысты 83-93 Цельсиге тең болған температурада көл жағасында ешбір тіршілік иесі өмір сүре алмайды екен. Дәл осы сипатқа байланысты көл Ғайып алқапта орналасқан деп аталады.
Бұл көлдің жақсы жағы ол тез қайнап суалады. Ал өкініштісі, көл ыстығы тікелей магмалық жарылымнан шығады. Егер ұйықтап жатқан вулкан оянса тропикада, сондай-ақ Сібірде де шын мәнінде ыстық болуы мүмкін.
Көкшіл шығанақ, Ұлыбритания
Көкшіл шығанақ бұрын Девонширде түрлі тау жынысы шығарылатын және өндірілетін орын болған. Шығанақ көз тоймайтын әсемдікке ие, бірақ, оған жәй ғана қолыңызды малсаңыз... Құдай сақтасын! Көлдің әдемі түсі уылы заттар концентрациясының мөлшерінен пайда болады. Мысал үшін айтсақ, ондағы pH деңгейі 11,3-ге тең, ал қойылтылған ағартқыштарда – 12,6. Көлге ешкім респираторсыз жақындай алмайды, себебі ондағы аммиактың өткір иісі тіпті егеуқұйрықтарды үркітеді. Қызығы, зерттеулер көлдің суы өздігінен тазарып отыратынын көрсетті.
Horseshoe Lake, Калифорния
Калифорния миллиардерлердің ең көп шоғырланғандығымен ғана емес, сонымен қатар экологиялық хәлі ұсқынсыз өңірлерімен де танымал. Солардың бірі - «Horseshoe Lake».
Жалғыздық көлі, Калифорния
Бұл өте ескі және жападан жалғыз қалған көл. Ол Калифорниядағы ең қауіпті өңірлер тізімінде екінші орында тұр. Көлдің Тынық мұхитына шығатын ешқандай мүмкіндігі жоқ, бірақ, тұздылығы соншалық, сілтілігі 10 pH-ты құрайды. Ғалымдар бұл олқылықты мұз дәуірінен қалған әктас-тұз бағандарымен байланыстырып отыр.
Мұнда кейде құстар ұшып келетін көрінеді, орнитологтар мұны жәй ғана олардың әуестігінен туған әрекет деп есептейді. Қанаттылардың иіс сезгіштік қасиеті өте жақсы дамығандықтан, олардың көлдің өмірге аса қауіптілігін сезбей қалуы мүмкін емес. Олардың тек мықтылары ғана аман қалады.
Киву: Конго және Руанда
Көл жарты ғасырдан бері тоқтаусыз соғысып жатқан екі тайпаның арасында орналасқан. Бұл көлді екі жау мемлекеттің шекарасына табиғаттың өзі арнайы орналастырған сыңайлы: оның түбінен үнемі метан мен тұншықтырғыш газ бөлініп жатады; олардың жеткілікті мөлшері жиналған сәтте мылтықтан оқ атып немесе жәй ғана сіріңке жағып жіберсе жетіп жатыр... Мұндай жағдай, тіпті, тарихта болған да. Оның салдарынан үнемі 50-100 км радиустағы тіршілік түгелдей қырылған.
Г. Берік