Әлемнің ең таңдаулы зообақтары

Хайуанаттар бағы – бұл сіз бен бізді бала күнімізден таңдандыратын, басымызды бір рет болсын қалайда сұғып қалуға асықтыратын қызықты орындардың бірі. Жабайы аңдарды жақыннан көру, олардың жанарына көз салу, осы көзқарас арқылы табиғатты сүюді үйрену, қоршаған әлемнің әсемдігін бағалау барлық уақытта мүмкін бола бермейді. Ал хайуанаттар бағына бара қалған жағдайда дәл осы мүмкіндікке ие бола алатыныңыз таласы жоқ шындық.

Осы орайда әлемнің ең үздік зообақтары туралы айтып кеткенді жөн көрдік.

Париж зообағы

Әлемдегі ең үлкен хайуанаттар бағы Париж маңындағы Венсен қаласында орналасқан. Мұнда жер фаунасының түгелге жуық өкілдері жиналған. Түнге қарай немесе салқын түскен кезде олар бақтағы жасанды жартастардың астын паналайды. Алайда, мұндай үлкен аң патшалығын ұстау оңайға түспейтін көрінеді. Өйткені, бұл бақтағы бір пілдің өзі күніне 100 келі тамақ жейді екен.

Сингапур зообағы

Ең көрікті және ең үлкен хайуанаттар бағының көлемі 30 гектарды алып жатыр. Атағы жер жаратын аталған баққа  әлемнің түкір-түкпірінен әкелінген сирек кездесетін хайуанаттар қойылған.

Рануа зообағы

Бұл хайуанттар бағы өзінің географиялық орнымен ерекшеленеді. Яғни бақ солтүстікте орналасқан және мұнда әлемнің ешбір жерінен кездестіруге болмайтын, тек қана солтүстікте өмір сүруге икемді 60 түрлі жануар орналастырылған. Рануа зообағында қыстыгүні иттер жегілген арбамен серуендеуге, шаңғы тебуге болады.

Лондон зообағы


Хайуанаттар бағының қабырғасы 1828 жылы қаланған. Мұнда хайуанаттардың 750 түрін тамашалауға болады. Ал олардың жалпы саны он бес мыңды құрайды. Дәл осы жерде ең алғашқы террариумдар, аквариумдар және балаларға арналған хайуанаттар бағы ашылған болатын.

Прага зообағы

Таңғажайып бақ осыдан отыз жыл бұрын құрылған және мұнда төрт жарым мыңнан аса жануарлар қойылған. Статистика бойынша, бұл мекенке жыл сайын 500 000 адам басын сұғады екен. Оған қоса хайуанаттар бағында әрбір мереке сайын көңілді іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Иерусалим зообағы

Бақ Иерусалимге таяу жерде орналасқан және оның алып жатқан көлемі 25 гектарды құрайды. 1940 жылы ең алғашқы көрермен хайуанаттар бағының табалдырығын аттаған. Қазіргі таңда зообақтан хайуанаттардың 200 түрін ұшыратуға болады.

Бағдат зообағы

2003 жылы орын алған американдықтардың әскери әрекеттері барысында бұл хайуанаттар бағы өте көп зардап шекті. Нәтижесінде мың жарымнан аса хайуанатардың отыз бесі ғана тірі қалды. Осындай қиын-қыстау күндерде танымал табиғат қорғаушысы Энтони Лоуренстің көмегі зор болғандығын айта кету керек. Оның жүргізген түрлі іс-шараларының арқасында біршама жануарларды аман алып қалуға мүмкінідік туды.

Тайланд зообағы

Хайуанаттар бағының күндіз-түні жұмыс жасайтындығы оның негізгі ерекешеліктерінің бірі болып табылады. Бақтың негізгі мақтаныштары – таяуда ғана Қытайдан әкелінген екі панда болып табылады. Сондай-ақ зообақта Оңтүстік Азияның ең үлкен әуенді субұрқақтары орналасқан.

Суреттер: kolyan.net, sabai-sabai.ru, ecolopro.ru

Дайындаған: Айгерім Сматауллаева