Әлемде сүйкімді де тентек марғаулардың көп болғанына қарамастан, BBC World арнасы Дейзи атты мысықтың баласын ең әдемі және ең сүйкімді деп таныды.
Бен Тород есімді австралиялық жігіт ермек хайуанатының тартымды да көңіл елжірететін фотосуреттерін өз блогында жариялағаннан соң Дейзи бірден Интернет-сенсацияға айналып үлгерген.
Дейзидің кішкентайлығы сонша, алақанға сыйып кететініне қарамастан, қатардағы мысықтарға қоса алмайсың. Оның білмекке құмарлығы үлпілдеген марғаудың кішкене көлемінің есесін қайырады.
35 жастағы аудармашы 11 айлық ала марғауды 32 жастағы Мики есімді келіншегімен тұратын үйінде суретке түсіре бастаған екен.
Токио қаласында өмір сүріп жатқан жас жұп алғашында фотосуретке байланысты жазылған көптеген ұнамды пікірлерге таң қалған.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: etoday.ru