Interbrand консалтингтік агенттігі әлемдегі ең қымбат брендтердің тізімін жариялады.
Interbrand консалтингтік агенттігі әлемдегі ең қымбат брендтердің тізімін жариялады.
Рейтинг көшін құны 184 млрд доллардан асатын Apple компаниясы бастап тұр. Екінші орында – Google компаниясы. Interbrand агенттігінің есептеуінше, компания шамамен 142 млрд доллар тұрады. Әлемдегі ең қымбат брендтердің үштігін 80 млрд доллар тұратын Microsoft тұйықтаған.
Ең қымбат брендтердің бестігіне, сондай-ақ, Coca-Cola ($69,73 млрд) мен Amazon ($64,8 млрд) кірді.
Рейтинг жасау барысында кемінде үш материкте бизнесін жүргізетін және табыстың үштен бірі өзге елдерде орындалған операциялардан түсетін компаниялар есепке алынған.
Дереккөз: baq.kz