- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемнің ең қарт...
Әлемнің ең қарт тұрғыны дүниеден озды
Кеше Жапонияда әлемнің қарт тұрғыны Мисао Окава 117 жасында өмірден озды. Бұл туралы әжей тұрған қарттар үйінің басшылығы хабарлады. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, әжейдің денсаулығында ауыр сырқат белгілері болмаған екен.
Әжей наурыздың төрті күні 117 жасқа толып атап өткенін алдыңғы жазбаларымызда хабарлаған едік. Мисао Окава 1898 жылы 5 наурыз күні Осаки қаласына жақын маңда туған. Ол 1919 жылы отбасын құрып, алайда 1931 жылы жолдасы өмірден ерте кеткен. Әжейдің үш ұлы, төрт немересі және алты шөбересі бар екен. Бұл жанұяда ұзақ өмір сүру дәстүрге айналғандай. Себебі, үш ұлының екеуі де 90-ды еңсерген ақсақалдар.
Окава 2013 жылы 117 жасында өмірден өткен жапон азаматы Дзироэмон Кимурадан кейінгі әлемнің ең қарт тұрғыны атанған еді. Гиннес Рекордтар кітабына енген әжейден кейін әлемнің ең қарт тұрғыны атағын америкалық Гертруда Уивер иемденді. Ендігі, әлемнің ең қарт тұрғыны қарт әжейден екі айға ғана кіші екен( 1898 жылы 4 маусымда дүниеге келген).
Сурет: metronews.ru
Е. Жұмабайұлы