- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемнің әртүрлі әдебі...
Әлемнің әртүрлі әдебі #3
Әр елдің бұлжымас заңдылықтары бар. Заңға қайшы келген адам жауапқа тартылып, айыппұл түгілі, бас бостандығынан айыруы мүмкін. Мысалы, Италияда далада жүріп тамақ ей алмайсыз. Сингапурда қоғамдық орында сағыз шайнауға болмайды. Тағы қандай ерекшеліктер бар екен?
Италияның ең әдемі қалаларының бірі әрі ғашықтар мекені саналатын Венеция шаһарында кептерге жем шашуға, қоғамдық орындарда жейдесіз жүруге, жаяу жүргіншілер жолында жүріп нан-тоқаштарды жеуге, су бұрқақтар ішіне кіруге болмайды. Заң бұзылған жағдайда, тәртіп сақшылары 600 АҚШ долларына дейін айыппұл талап етеді.
Германия елінде автотрассада келе жатқан кезде тоқтауға болмайды. Тіпті, жағар жанармай таусылып қалғанда да кідіруге болмайды. Сонымен қатар, трасса бойымен жаяу жүруге рұқсат етілмейді. Заң бұзылған жағдайда, айыппұл төленеді.
Біріккен Араб Әмірлігі елдерінде Рамазан айында қоғамдық орындарда ораза ұстаған жандардың алдында тұрып су ішіп, тамақтануға болмайды. Олай еткен жағдайда 275 АҚШ долларына дейін айыппұл төленеді. Мұсылман елдерінде жергілікті ережелер мен қағидаттар тым қатал, сондықтан да заңға еріксіз бағынуға тура келеді.
Тайланд елінде көшеге жейде кимей шыққан жағдайда, заң бұзған жан 10 АҚШ доллар шамасында айыппұл төлейді. Оған қоса, жейдесіз көлікке отыруға, мотоцикл айдауға болмайды.
Гренадада суға түскенде киетін киіммен ғана жүруге болмайды. Заң бұзылған жағдайда 270 АҚШ доллар айыппұл талап етіледі.
Канада елінде сауда кезінде алынған тауардың бағасы 25 доллардан асқан жағдайда, ақшаны 1 долларлық тиындармен беруге болмайды.
Франция мен Англияда теміржол вокзалының аймағында сүйісуге, құшақтасуға болмайды.
Дания елінде автомобиль шамдарын жақпай жүрген кезде 100 доллар айыппұл талап етіледі.
Сингапур елінде қоғамдық орындарда сағыз шайнауға, түкіруге, кептерге жем шашуға, құмар ойындар ойнауға болмайды. Бағынбаған жағдайда айыппұл талап етіледі. Сонымен қатар, қоғамдық дәретханаларда су ағызылмаған жағдайда, заң бұзған жанның қалтасы қағылады. Ал үй жануарларын далада қыдыртқан кезде, олардың нәжісіне арналған арнайы пакеттері міндетті түрде болуы керек.
Г. Берік