Әлемге әйгілі тұлғалар туралы ең қызықты деректер

Әлемге әйгілі тұлғалар туралы ең қызықты деректер
Фото: theodysseyonline.com

Әлемде талай қызық бар. Бұл дүниеден қаншама талантты тұлғалар мен ұлы адамдар өтті. Әйгілі адамдар дегенде ойыңызға не келеді? Олардың шығармасы, істеген ісі, жеткен жетістіктері, т.б. Иә! Тарихта аты қалған әйгілі тұлғалардың артынан небір аңыз-әңгімелер қалатыны анық. Олардың кемшіліктері де ұлы деп айтсақ артық болмас. Олардың біз білмейтін қандай қасиеттері бар? Біле отырайық!

***

Парсы шығанағындағы шайқастан қайтарында әйгілі қолбасшы Александр Македонский алтын тастармен айшықталған қобдишаны өзімен ала кетіпті. Кейінірек сол қобдишаға Гомердің поэмаларын сақтаған екен.

***

XX ғасырдағы парсы патшасының уәзірі Абдол Қасым Ысмайылдың кітапханасы аса бай болған деседі. Ол 117 мың томдық кітаптарды 400 түйеден тұратын керуенге артып, өз сапарларына бірге алып шығатын болған. 

***

Гитлер адамдардың алақанына қарауды ұнатқан. Ол тіпті танымал тұлғалар алақандарының табы басылған кітапты құнды жәдігер ретінде ұлықтап өтіпті. Әлгі оқулық пен жете танысқандығы сол, өз алақанының ұлы Фридрихтің қолтаңбасына әсіре ұқсайтынын мақтанышпен қайталап жүрген.

***

Иоганнес Брамс есімді неміс композиторы аяқ киім тазалап отырып музыка шығарғанды ұнатқан. Бұл қызық қылығының мәнісін ол "аяқ киім тазалай отырып шабыт шақыруға болады" деп түсіндіріпті өз замандастарына. 

***

Ғалым Диккенстің 50 жол жазып болған сайын ыстық су ұрттап отыратын қызық әдеті болған. 

***

Композитор Бетховен жаңа туындысын қағазға түсірер алдында міндетті түрде басын мұзды сумен жуатын болған екен. 

***

Даңқты ертегіші Ганс Христиан Андерсон өзінің жазғандарын баспаға тапсыру үшін әріптік қателерін тексеретін 2 қызметші ұстаған. Қате көп болғандықтан, кітаптан түскен табысының жартысын сол 2 қызметшіге беріп отырыпты. 

Ж. Жұмағұлов