- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемдегі уы уытты...
Әлемдегі уы уытты өрмекші
Гинеес рекордтар кітабы Бразилиялық кезбе өрмекшіні ең қауіптісі таныған. Оңтүстік және орталық Америкада тіршілік ететін өрмекшінің уы тыныс алудың тоқтауына, тұншығу және бұлшықеттің сал болуына әкеп соғады.
Мексика Ұлттық автономды университеті (UNAM) ғалымдарының зерттеуінше, жаңадан табылған өрмекшіге Loxosceles tenochtitlan деген ғылыми атау берілген. Өрмекші Мексика алқабындағы биіктаулы үстіртте табылған. Ғалымдардың қолына енді ғана түскеніне қарамастан олар бұрыннан адамдармен қатар тіршілік еткен. Тіпті кейбіреулері үйде өмір сүруге үйреніп алған. Өрмекшіге бұрынғы ацтектердің астанасы болған Теночтитлан қаласының құрметіне аталды.
Жаңадан табылған өрмекші уының уыты өте қауіпті. У тиген жер іріңдеп, теріге зақым келтіреді. Кейде жараның ені 40 сантиметрге дейін жетуі мүмкін. Адам өміріне аса бір қауіп төнбесе де жараның жазылуы ұзақ уақытты алып, ауыр өтеді. Дегенмен бұл өрмекшінің уы әлі ағзасы әлсіз сәбидің өміріне қауіпті саналады.
Локсосцелес Теночтитлан өрмекші тек өміріне қауіпті сезгенде ғана қорғану үшін шабуылдайды екен. Түнгі уақытта ұрғашы өрмекшіні іздеуге шыққанда адасып, көбінесе адамдардың үйіне кіріп кетеді. Жалғыздықты жақсы көретін өрмекші үшін адамның үйі таптырмас мекен. Бөлме температурасы ыңғайлы болса, ылғалдылық және тамақ болғандықтан үйде тұра беруді жөн көреді.
А. Рысдәулет