Қар қалың түскен уақытта қалаларды қардан тазарту, жол салу тәрізді қиындық келтірер мәселелер көбейері анық. Мәселен, әлемнің 8 қаласы мәңгі қар астында жатса да, бұл құбылыс жергілікті тұрғындарға еш кедергі келтірмейді екен. Тіпті қала халқы қарлы боранды да елемейді. Назарларыңызға сол 8 қаланы ұсынамыз.
Вальдес
Аляска, АҚШ
Бұл қала – Америка Құрама Штаттарындағы ең қарлы аймақ. Вальдес қалашығына туристер көп ағылатындықтан АҚШ-тың мақтанышына айналған. Мәңгілік тыныштық орнаған қалада небәрі 3000 адам ғана тұрады. Ал қаланың айналасы мыңжылдық мұздықтармен қоршалған.
Аомори
Тохоку, Жапония
Қарға оралған Аомори қаласы Жапониядағы ең биік қарлы шыңдардың бірінде орналасқан. Қаланың айналасы қара орманмен емес, ақ орманмен қапталған. Ал көз тартар алыс шыңдарды жақыннан-ақ тамашалап, нағыз мүлгіген табиғаттың куәсі болуға болады.
Квебек, Канада
Солтүстік Америкадағы көне қалалардың бірі болған Квебек аймағы әлемдегі ең қарлы аудан ретінде танылған. Мұнда жыл сайын 400 см дейін қар түседі.
Тояма
Хокурику, Жапония
Бұл кішкене ғана қалашық Жапон теңізінің жағасында орналасқан. Жазғы уақытта ыстық әрі ылғалды келеді. Ал қыста – суық, қарлы. Тояма қаласы 1998 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өткен Нагано қаласына жақын жерде орналасқан.
Сент-Джонс
Ньюфаундленд пен Лабрадор, Канада
Сент-Джонс қаласы – Ньюфаундленд пен Лабрадор провинциясының астанасы, әрі ең ірі және суық қаласы. Сонымен қатар қараңғылық жайлаған қалалардың бірі. Қардың қалыңдығы сәуір айының аяғына дейін сақталады.
Саппоро
Хоккайдо, Жапония
1971 жылы Саппоро қаласында қысқы Олимпиада ойындары өткен болатын. Сол кезден бастап қала тұрғындары қар фестивалін өткізе бастады. Ал бұл өз кезегінде көп туристердің келуіне мүмкіндік туғызды.
Сиракузы
Нью-Йорк, АҚШ
Қар күрейтін машиналардың заманауи түрлері дәл осы қалада дайындалып шығады. Себебі қарапайым ғана: АҚШ-тың өзге қалаларына қарағанда қуатты техникаға бұл қаланың мұқтаждығы басымырақ.
Эри
Пенсильвания, АҚШ
Эри қаласында қыс мезгілі ұзақ, әрі суық болады. Алайда қала халқы бұған еш наразы емес. Мұнда Рождество мерекесін қарсы алу үшін жыл сайын мыңдаған туристер келіп, мерекелік көңіл-күйге ие болады.