ХХ ғасыр дуэлі
Бұл оқиға өткен ғасырдың ортасында Америка Құрама Штаттарында орын алды. Екі фермер бір қызды ұнатып қалып, бөлісе алмай, автокөлікпен дуэльге шығуға бел байлайды. Дуэль үлкен жары бар жазықтықта өтеді. Ол жерде секундантпен бірге қыз да болған. Шарт бойынша қос ғашық қашықтықтан бір-біріне қатты жылдамдықпен қарама-қарсы жүріп, бірінші болып бұрылғаны жеңіледі. Алайда екі жүргізуші де бұрылып кетіп, әрі қарай қақтығыспен жалғастырады. Ақыр соңында біреуі жардан құлап, ал екіншісі ұзақ жылға абақтыға қамалады. Қыз содан кейін көп ойланбастан, дуэльден үйіне алып барған жүргізушіге тұрмысқа шығады.
Әлемдегі ең қызықты дуэль
Әлемдегі ең ерекше дуэль - әуе шарымен болған дуэль. Ол Париж қаласында өткен. Екі ғашық жігіт сүйіктілеріне қол жеткізу үшін әуе шарымен көтеріліп, ауада атысуға шешім қабылдайды. Өздерімен бірге секунданттары да болған. Алайда бірінші оқтан кейін бірінің шары өртеніп, төмен құлайды. Ең қызығы, дуэльге себепші болған сұлу қыз жігіттердің бұл іс-әрекетін түсінбей, басқа жігітке тұрмысқа шығып, қаладан біржола кетіп қалады.
Генерал Бисмарк
Германия канцлері, әйгілі генерал Бисмарк жергілікті бір оппозиционер ғалымды дуэльге шақырады. Алайда ғалым мылтықтың барлық түрін жетік меңгерген генералдан жеңілетінін біліп, басқа шешім қабылдайды. Ол біреуіне у қосылған, езілген еттен жасалған шұжықты жеп, мықтыны анықтағысы келеді. Бірақ Бисмарк генералға мұндай өлім ұят деп, бұл шешімнен бас тартады.
Сурет: subscribe.ru