- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемдегі ең ылғал...
Әлемдегі ең ылғал елді мекен қайда?
Үндістанның Меглахая штатының солтүстік-шығыс жағында жатқан Мавсилам ауылы планетамыздағы ең ылғал елді мекен болып саналады. 1985 жылы мұнда жаңбырдың деңгейі 26 000 миллиметрге жетіп, әлемдік рекорд орнатылған.
Бұл көрсеткіш Гиннес рекордтар кітабына тіркелген. Аталған елді мекенде жылына орташа есеппен 11 862 миллиметр жаңбыр жауады. Жергілікті тұрғындар көп уақытын тыста жұмыс істеумен өткізетіндіктен, өздеріне арнайы бамбуктен қолшатыр жасап алып, шаруаларын істей береді.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: mirfactov.com
Ж. Өрісбай