Динозаврлардың келбетін көз алдыңызға алып келетін қолтырауындардың да саны күн өткен сайын азайып келеді. Оларды броконерлік жолмен аулап, терісін сатуға құмартып тұрғандардың саны да жетерлік. Қанша сұсты болғанымен бұл жануардың да өзіндік бір тартымдылығы бар. Оны көрген адам бірден таңғала қарап өзінің не қорқып, не қуанып тұрғанын сезбей қалады. Әрбір дүниенің ең үлкен және ең кішкентай тұсы болғандықтан, бүгін біз сіздерге алып қолтырауын туралы әңгімелейтін боламыз.
2011 жылы Аустралия өңірінен ұсталған су жыртқышы бүгінгі таңда ең үлкен қолтырауын есебінде тіркелген. Оған атақты Мұхаммед Әлидің құрметіне Кассиус Клей деген лақап ат берілген. Салмағы 998 келі, ұзындығы 5.48 метр болатын жануардың жасы шамамен жүзге таяп қалған.
Кассиус ең үлкен қолтырауын тәжін Лолонга есімді тұқымдасы өлгеннен кейін алған. Оның ұзындығы 6,17 м болса, салмағы бір тоннадан асып жығылған. Қолтырауын зерттеуші мамандардың сөзіне сүйенсек, жалпы осы тұқымдағы жануарлардың ең үлкені осыдан 110 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Оған Sarcosuchus imperator деп ат қойған. Сол уақытта 50-60 жыл өмір сүрген жыртқыштардың ұзындығы 11-12 метрге, ал салмағы 8 тоннаға дейін жеткен екен.