Әлемдегі ең үлкен жеміс

Әлемдегі ең үлкен жеміс

Әлемдегі ең алып жеміс -  джекфрут ағашында өседі. Үлкендігі қандай дейсіз бе? Ағаш жемістерінің ұзындығы - 90 сантиметрге жетсе, ені 20 сантиметрден асады. Салмағы - 34 келі.

Үндістан жерінде бұл жеміс өзінің құнарлылығы мен бағасының аса қымбат болмауының арқасында "кедейлерге арналған нан" деген атпен таралып кеткен. Оның құрамында: 39% көміртек, 6% ақуыз, 0,5% май бар.


Піскен жемістің қабығы мен дәнінен шіріген пияздың иісіне ұқсас жағымсыз иіс шығып тұрады. Ал оның жұмсақ етінің жағымды иісі банан мен ананасқа ұқсас келеді. Қабықты қосқанда жемістің барлық бөлігінде жабысқақ ақсөл(өсімдіктен шығатын шірне, көбіне каучук алынады)бар болғандықтан оны бөлшектер алдында қолыңызды майлап алғаныңыз немесе арнайы қолғап кигеніңіз дұрыс.

Жемістің бір кемшілігі - ыстық температурада көпке жарамайды. Бұзылғанда қызыл қоңыр түстес болып кететін жеміс тоңазытқышта бір айға дейін тұра береді.

Джекфруттың негізгі отаны - Үндістанның шығыс жағалауы және Бангладеш аумағы. Солай бола тұрғанмен, жеміс бүгінде Филиппин, Оңтүстік-Шығыс Азия жерінде кең таралған.


Ал жеміс ағашының өзі үй соғуға арналған құрылыс материалы ретінде, жиһаз жасау үшін пайдаланылады. Ағаштың ерекшелігі термиттермен, саңырауқұлақтармен зақымданбайды.

Әлемдегі ең алып джекфрутты өсірген - американдық ерлі-зайыпты Шатауэрлер.

Олар Гавайдағы Кеалакекуа жерінде тұрады екен. Джордж бен оның Маргарет есімді әйелі 34,7 келі жемісті ұсынып әлемді таңқалдырды. 2003 жылы тамыз айының сегізінші жұлдызында көрсетілімге шығарылған жемістің ұзындығы - 121,2 см, ені - 57,4 см болған.

Сіз джекфруттың дәмін татып көрдіңіз бе?

 

Суреттер:http:hontos.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева