Nasa Аэронавтика және ғарышты зерттеу агенттігі Антарктидадан 2000 жылы бөлініп шыққан В-15 айсбергі еріп бара жатқанын мәлімдеді. АнтарктиданыңРосс мұздығынан бөлініп шыққан көлемі 11 мың (295х37 км) шаршы шақырымға тең мұзтау 2005 жылдан бері еріп жатыр. Оның көлемі құрлықтағы Ямайка мемлекеті көлемінен де үлкен. Салмағы 3 триллион тонна. Тропик су ағымы үлкен айсбергті пышақ сияқты кесіп, бөлшектеп жатыр, дейді Nasa маманы Келлий Брунт.