Әлемде ең үлкен нәрселер мен тірі жандарды кездестіруге болады. Оларға таңырқап, таңдануымыз қалыпты жағдай. Алайда, сондай ерекше жаратылыстар басында қандай қиындықтар барын ешкім елемейді. Мысалы, әлемдегі ең үлкен адамның кім екенін білген жандар оның қандай өлшемдегі киім мен аяқ киім киетінін біле бермейді.
Әлемдегі ең үлкен адам түркиялық Сұлтан Кёсен. Оның бойы 2 метр 51 см құрайды. Мұндай бойлы алып адамға аяқ киім табу да оңай іс емес. Сондықтан ол түрік елінен арнайы Германиядағы ұзын адамдарға аяқ киім тігетін Георга Весселса әулетіне бет алды.
Аяғының ұзындығы 60 см болатын Сұлтан Кёсен өз тапсырысы бойынша жасалған екі жаңа аяқ киім киіп көрді.
Алып адамдарға арнайы тігілетін аяқ киімдер өлшемі үлкен болып қана тігілмейді. Оны ұзаққа шыдайтын арнайы заттармен тігеді. Табаны жұмсақтығы, сонымен қатар алып денені ұзақ уақыт көтере алатыны ескеріледі. Себебі Сұлтан Кёсен секілді адамдарға базарға барып аяқ киім сатып алу мүмкін емес.
Ұзақ жылдан бері осы кәсіппен айналсып келе жатқан Георга Весселса әулеті бүгінгі күнге дейін алып адамдарға арнайы 500 жұп аяқ киім тігіп сыйға тартқан екен. Германияның Вреден қаласында орналасқан осы бір алыптарға аяқ киім тігетін мекеннен әлемнің басқа да бойшаң жандарын кезіктіруге болады. Фотода (солдан оңға қарай): Адраман Дембеле Кот-д'Ивуарлық азамат бойы 2 метр 32 см; Сұлтан Кёсен; Брахим Такиоллах Марокка елінің тұрғыны бойы 2 метр 46 см, және Георга Весселса.