- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемдегі ең таза...
Әлемдегі ең таза көл
Еуразия аталатын алып құрлықтың орталығында жіңішке келетін көгілдір жарты ай – Байқал көлі жатыр. Келбеті көз тартар көл "Әлемдегі ең таза көл" деген мәртебелі атақты иемденіп отыр. Көлдің суы ішуге жарамды келеді. Сонымен қатар, Байқал тереңдік жөнінен де көшбасшылық танытып келеді. Әлемдегі екінші терең көл Таньганьика (Африка) Байқалдан 200 метрге қалып тұр. Сондай-ақ, Байқалда 30-ға жуық арал бар. Олардың ең үлкені - Ольхон аралы.
Жан-жақтан таулы қыраттармен қоршалып жатқан кербез көлдің ұзындығы 636 шақырым болса, ені 80 шақырымнан асады. Аумағы жөнінен Байқал 10 миллион тұрғыны, көптеген қаласы, алып өнеркәсіп орындары, тасжолдары мен темір жолдары бар Бельгиямен иық тірестіре алады (көл аумағы - 31 470 шаршы шақырым). Өзеннің максимальды тереңдігі - 1637 м, орташа тереңдігі - 730 метр. Оған 336-дан астам бұлақтар мен өзендер келіп құяды. Ал одан ағып шығатын жалғыз өзен Ангара ғана екен.
Байқалдың қайталанбайтын, өзінше ерекше флорасы мен фаунасы бар. Әлемнің басқа су қоймалы бұл жөнінен Байқалмен таласа алмайды. Көлде 52-ден астам балық өмір сүреді. Байқалдың таулы қыраттарын жер шарымыздағы ең кішкентай бұғы, қоңыр аю мекен етеді. Ал Байқал жағалауынан шағаланың, көгала үйректің, турпанның (үйректің бір түрі), ақ құйрықты ақиықтың, балықшы құстардың бірнеше түрін және көлдің негізігі тұрғындары итбалықтар мен байқалдық нерпаны көре аласыз.
Табиғат дүниеге әкелген даңғарадай тірі суқойманың жасы ашық айтылып жүр. Ғылыми деректер Байқал көлінің 20-30 миллион жыл бұрын пайда болғандығын көрсетеді. Бұдан Байқалдың ең ежелгі көл екендігін байқаймыз.
Туристер арасында асқан танымалдылыққа ие болған көлдің айналасына әдемі қонақүйлер мен тасжолдар салыну үстінде. Байқалдың табиғатына тамсанған туристер бір емес, екінші, тіпті үшінші жылдары да келетін көрінеді. Уақыт өткен сайын бұл аймақтың танымалдылығы артып келеді. Осыншама сұлулықтың қадірін білетін әрбір турист Байқал аймағын аялап, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа сондай таза, сондай мөлдір қалпында жеткізуге атсалысады деген үміттеміз. Себебі, әлемдегі ең таза көл тазалықты талап етеді.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Суреттер: samaya-v-mire.ru, screenfon.ru, dudu.com