Жаңа Зеландия жерінде 80 метр тереңдіктегі су өмірін бақылауға болатын әлемдегі ең мөлдір өзен бар. Ол «Rotomairewhenua» немесе «Көк өзен» деп аталады.
«Rotomairewhenua» сөзі моари тілінде «Көк өзен» деген мағынаны білдіреді. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, Көк өзен әлемдегі ең мөлдір су болып табылады екен. Себебі өзен суының тазалығы соншалықты ол дистилденген суға ұқсайды. Мұндай мұнтаздай таза өзен Оңтүстік аралдағы Нельсон Ұлттық саябағында жайғасыпты. Өзеннің түсі – күлгін-көк. Оның суы сандаған табиғи сүзгіден өткен тау жартасынан толығады.
Сурет:re-actor.net