Әлемдегі ең маңызды орынның бірі

Әлемдегі ең маңызды орынның бірі
Фото: bilim-all.kz

Біз мына жарық дүниенің әртүрлі кереметтері мен әсем ғимараттарынан бөлек, жер бетінде олардан да маңыздырақ құрылымның болуы мүмкін екенін ойлай бермейміз. Шпицбергендегі «Дүниежүзілік тұқым сақтау қоймасы» деп аталатын нысанның маңызы біздің болашағымыз үшін зор болуы мүмкін.

Бұл ғимарат Норвегияда өте суық климат жағдайында, 120 метрлік тереңдікте, Лонгйир ауылдық округінде теңіз деңгейінен 130 метр биіктікте орналасқан. Жоба әлемдегі барлық ауылшаруашылық өсімдіктерінің тұқымдарын сақтауға арналған. Климат өзгерсе де, ядролық соғыс болса да қоймадағы тұқымдардың қауіпсіздігі сақтала береді. Тұқымдардың көп бөлігін сыртқы жағдайларға қарамастан, жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы сақтауға болатыны болжануда.


Тұқым сақтау қоймасы 4,5 миллион дән түрлеріне шақталып жасалған. Жер бетіндегі әр елдің, оның ішінде соғысты бастан өткеріп жатқан елдердің де осы қоймада дән салынған құтылары бар. Мәселен, ракеталық оқ жаудырулардың кесірінен дәнді-дақыл өнімдеріне залал келген Сирия үкіметі өздерінің құтысынан дақылдарының бір бөлігін пайдалануға алған.  

Айтулы нысан шлюзді камерамен және жарылысқа қарсы есікпен жабдықталған. Тоңазытқыш қондырғылары дәндердің сақталуын қамтамасыз етеді, тіпті, құрылғылар істен шықса да, нысан ішіндегі температура бірнеше аптаға дейін 3 °C-ден жоғары аспайды.

Тұқымдардың метаболикалық белсенділігін сақтауға оңтайлы температура -18 °C болғандықтан, олар сол температурада сақталады. Айта кетерлігі, мұнда ешқандай да заңсыз өсімдіктер сақталмайды екен. 

Дереккөз: bilim-all.kz

А. Жапатова