- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемдегі ең қызықты...
Әлемдегі ең қызықты той рәсімдері
Үйлену тойы — жігіттің некелесуіне байланысты өз үйінде атап өтетін той-думаны. Бұны кейін "Келін түсіру" деп те атайды. Бұл атау ер азаматтың қалыңдық алып шаңырақ көтеруіне, жаңа өмір жолын бастап отау тігуіне байланысты қалыптасқан. Аталған тойға барша туған-туысқандары шақырылып, түрлі салт-жоралғылар жасалады. Ал жер бетіндегі өзге елдердің салт-жоралғылары қандай? Назарларыңызға үйлену рәсіміне қатысты ең қызық рәсімдерді ұсынамыз.
Бали
Жер бетіндегі үйлену рәсімдерінің ең қиыны Балида болса керек. Жас жұбайлар шаңырақ көтермес бұрын тырнақтарын қырғызып алдырады. Бұл рәсім наркоздың көмегінсіз жүзеге асады. Осы рәсім аяқталған соң толыққанды тазарған болып саналады. Айтпақшы, балилықтардың той рәсіміне тек әйел адамдар қатысады. Ал түнімен той жабдықтарын қамдаған ер адамдар жатып демалады.
Руанда
Бахуту тайпа жігіттерінің жағдайы да мәз емес. Некелескен күннің ертесінде қалыңдық қолына түскен затпен күйеу жігітті ұрады. Келесі күні қалыңдық міндетті түрде ата-анасының үйіне барып келіп, рәсімді жалғастырады. Осылайша бір апта себепсіз жанжалдасып жүреді. Жаңа өмірлерін бастамай тұрып жанжалдасып алған жас жұбайлар бұл әрекеттерін еш қайталамайтындарына уәде беріп, тату-тәтті өмір сүреді.
Кения
Кениялық дәстүр бойынша Африка қызын алушы күйеу жігіт бал айы аяқталғанша қыздардың киімін киіп жүруі тиіс. Бұл сезімдерін дәлелдеудің бір тәсілі.
Андалузия
Жүректегі сезімдерін Африка жігіттері ғана емес, басқа да жігіттер миға сыймайтын әрекеттерімен дәлелдейді. Испанияның Андалузия провинциясында күйеу жігіттер қалыңдықты алмас бұрын биік таудың басына шығып секіруі тиіс. Мұнымен қатар қалыңдықтың туысы көп болған сайын, таудың биіктігі де арта түседі. Бұл қайын жұртының қандай еркеліктері болмасын көтеріп, төземін дегенді білдіреді.
Македония
Бұл ел күйеу жігітке біраз аяушылық танытады. Жас жұбайларды қораның ішіне орналастырып, сыртына аяқ киім мен бас киімді іліп қояды. Соларға бірінші қол жеткізген адам болашақта отбасының тірегіне айналып, басқарады.
Аустралия
Ал аустралиялықтардың үйлену рәсімі қарапайым. Үйленуге дайынмын деген жігіт қолына тоқпағын алып, қалыңдық іздеуге кіріседі. Өзіне лайық қызды тапқан соң, тоқпағының көмегімен талдырады. Есін жиған соң мән-жайды түсіндіріп болашақ қайын жұртымен таныстырады. Бұл елдің қыздары соғыс өнерін жақсы меңгергендіктен, жігіттерге қалыңдық табу қиынға соғады.
Ява
Ява елінде отбасын құру үшін сүйіп қою аздық етеді. Күйеу жігіт ең алдымен өзі аулаған 25 тышқанның құйрығын қайын жұртына табыстайды. Мұнсыз салт-жоралғылар жасалмайды. Екі жас шаңырақ көтерген соң бақытсыз болып жатса, салмақ тағы да ер адамдарға түседі. Бұл жолы айыппұл ретінде 25 емес, 40 тышқанның құйрығын табыстайды. Осы рәсімді орындаған соң ғана ажыраса алады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: vk.com. eva.ru
Қ. Бүйенбай